Қазіргі Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, олардың міндеттерін де белгілеуі. Әр адам білім алуға, еңбек етуге, өз ойын еркін білдіруге және заң аясында өмір сүруге құқылы.
Дегенмен кез келген құқық жауапкершілікпен қатар жүруі керек. Мысалы, өз пікіріңді еркін білдіргенде, басқа адамның ар-намысы мен құқығын құрметтеу маңызды. Менің ойымша, қоғамның дамуы тек заңдарға емес, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетіне де байланысты.
Әрбір адам өз құқығын біліп, міндетін адал орындаса, елімізде тәртіп пен өзара сыйластық нығая түседі.
Анжела ЖАНТЕМІРҚЫЗЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



