Заң мен тәртіп ұғымын тек қылмыс пен жаза арқылы түсіндіру жеткіліксіз. Шын мәнінде, тәртіп — адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.
Қоғамда әр азамат өзінен бастап тәртіп орнатуға тырысса, көптеген мәселенің алдын алуға болады. Мысалы, біреудің мүлкіне қол сұқпау, қоғамдық орында айналадағы адамдарға кедергі келтірмеу, әлсіз адамға көмектесу, дау туындағанда мәселені күш қолданбай шешуге ұмтылу — мұның бәрі заң мен тәртіп мәдениетінің көрінісі. Мемлекет заңдардың орындалуын қамтамасыз етсе, азаматтар сол заңдарды құрметтеуі және өз құқықтары бұзылған жағдайда заңды жолмен қорғана білуі керек.
Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды, өйткені заңды білмеу кей жағдайда адамның өзіне де, өзгелерге де зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіп — тек жазадан қорқу емес, өз әрекетіңе жауап бере отырып, қоғамдағы басқа адамдардың құқықтары мен еркіндігін құрметтеу.
Г ӨТЕМІСҚЫЗЫ



