Құқықтық сауаттылық — өз құқығыңды білуден басталады

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіпті сақтау үшін адам ең алдымен өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Құқықтық сауатты азамат өзіне жасалған әділетсіздікке бей-жай қарамайды, сонымен қатар өзінің әрекеті арқылы басқа адамның құқығын бұзбауға тырысады. 

Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Себебі жасөспірім кезінен бастап заңның талаптарын, жауапкершіліктің түрлерін және өз құқықтарын түсінген адам болашақта саналы азамат ретінде қалыптасады.

Құқықтық мәдениет жоғары қоғамда адамдар даулы мәселелерді күшпен немесе жанжалмен емес, заңды жолмен шешуге ұмтылады. Осы себепті «Заң және тәртіп» ұғымы тек құқық қорғау органдарына қатысты емес, бүкіл қоғамның мәдениетімен тікелей байланысты.

 

Д.ТАЛҒАТҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT