Құқықтық сауаттылық – өзіңді қорғаудың кепілі

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негізі. Менің ойымша, заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі болуы керек. Адам өз құқығын біліп қана қоймай, басқа адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін де құрметтеуі қажет.

Қоғамда тәртіп болған жерде адамдардың бір-біріне деген сенімі артып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптасады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі заң мен тәртіпті нығайтуға үлес қосады.

Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды деп санаймын. Заңды қорқыныштан емес, оның қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін түсінгендіктен сақтау керек. Сондықтан заңға құрмет пен тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналса, еліміздің болашағы да берік болады.

 

Қымбат НЫСАНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT