Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қарастырылған Халық кеңесі – қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтатын маңызды консультативтік орган. Ол Қазақстан халқының мүддесін білдіріп, қоғамдық келісімді сақтау мен ұлттық бірлікті күшейтуге бағытталған.
Халық кеңесінің басты міндеттері – жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету, ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл органның заң жобаларын енгізу және жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығы – оның ел дамуындағы рөлін арттырады.
Менің ойымша, мұндай кеңестің құрылуы қоғамның түрлі пікірін ескеруге, маңызды шешімдерді халық мүддесіне сай қабылдауға мүмкіндік береді. Егер оның қызметі ашық әрі тиімді ұйымдастырылса, ол елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қоса алады.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі



