Аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелерімен кездесіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кездесу барысында жастарға қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары жан-жақты баяндалды.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Осындай түсіндіру жұмыстары – саналы ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.



