Қоғамдық мүлікке қамқорлық — азаматтық мәдениеттің белгісі

ашық дереккөзден

 

Қауіпсіз әрі дамыған қоғам қалыптастыру үшін жас ұрпақтың бойына тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіру маңызды. Бүгінгі балалар мен жастар — ертеңгі елдің болашағы. Олардың заңды білуі, өз құқықтарын түсінуі және өзгенің құқығына құрметпен қарауы қоғамның дамуына тікелей ықпал етеді.

Менің ойымша, тәрбие мен құқықтық сауаттылық қатар жүруі тиіс. Мектептерде құқықтық тақырыптарға арналған пікірталастар, өмірлік жағдаяттарды талдау және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылса, жастар заң талаптарын тереңірек түсінеді. Мысалы, кибербуллингтің, қорлаудың, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдарын түсіндіру жасөспірімдердің өз әрекеттеріне сын көзбен қарауына көмектеседі.

Сонымен бірге жастардың құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық жұмыстарға қатысуы да пайдалы. Олар өз ортасында сыйластықты насихаттап, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге үйренуі керек. Тәртіпті ұрпақ қалыптастыру үшін тек талап қою жеткіліксіз, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, үлгі көрсету қажет. Саналы, білімді және жауапты жас ұрпақ — елдің қауіпсіз болашағының кепілі.

 

К.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT