Қоқыссыз болашақ – саналы ұрпақтың таңдауы

ашық дереккөзден

 

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластануы бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Әсіресе, пластик қалдықтарының көбеюі, табиғи аумақтардың ластануы және тұрмыстық қоқыстың дұрыс өңделмеуі экологиялық тепе-теңдікке кері әсерін тигізеді. Осындай жағдайда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының маңызы ерекше. Бұл бастама адамдарды табиғатты қорғауға шақырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуге ықпал етеді.

Менің пікірімше, экологиялық тәрбие отбасынан және білім беру ұйымдарынан басталуы тиіс. Балаларға кішкентай кезінен бастап қоқысты сұрыптауды, заттарды қайта пайдалануды және табиғи ресурстарды үнемдеуді үйрету маңызды. Сонымен қатар жастар экологиялық жобаларға қатысып, өздері тұратын аумақтың тазалығына үлес қоса алады. Әрбір саналы әрекет үлкен өзгерістің бастамасына айналуы мүмкін. Біз бүгін табиғатты қаншалықты қорғасақ, ертеңгі ұрпаққа соншалықты қолайлы орта қалдырамыз. Демек, қоқыссыз болашақ құру – баршамызға ортақ міндет.

 

Д.ТАЛҒАТҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT