«Таза Қазақстан» тұжырымдамасындағы маңызды бағыттардың бірі – қалдықтарға жауапкершілікпен қарау. Қазіргі кезде тұрмыстық қоқыстың көбеюі қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан қоқысты азайту және оны қайта өңдеуге мүмкіндік жасау – барша қоғам үшін ортақ міндет.
Менің ойымша, қоқысты сұрыптау мәдениетін әр отбасыдан бастауға болады. Пластик, қағаз, шыны сияқты қалдықтарды бөлек жинау арқылы қайта өңдеуге жарамды заттардың көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Бұл табиғи ресурстарды үнемдеп қана қоймай, қоршаған ортаның ластануын азайтады. «Таза Қазақстан» бізге табиғатты қорғау үлкен өзгерістерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын көрсетеді. Бүгін дұрыс әдет қалыптастырсақ, оның пайдасын болашақ ұрпақ көреді.
Ырысжан АДАЙБАЙОВА



