Конституция – әділетті қоғамның алтын қазығы

Сурет ғаламтордан

 

Қазіргі Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның дамуын қамтамасыз ететін ең маңызды құжат. Себебі онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері және заң алдындағы теңдігі айқын көрсетілген. 

Конституция адамдарға өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беріп, қоғамда әділдік пен тәртіптің сақталуына негіз болады. Алайда заңның болуы ғана жеткіліксіз, оны әрбір азамат құрметтеп, талаптарын орындауы қажет. Менің пікірімше, Конституцияны қадірлеу – өз еліңді, халқыңды және болашағыңды құрметтеу деген сөз.

 

Жазира САҚТАЕВА,

тәрбиеші 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT