Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты қамтамасыз ететін басты құжат. Онда әр азаматтың құқығы мен бостандығы, міндеті мен жауапкершілігі нақты көрініс тапқан. Сондықтан Ата Заңды құрметтеу – елге, жерге және болашаққа деген құрмет деп білемін.
Әсіресе, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында Конституцияның маңызы зор. Өйткені білімді, отаншыл, өз құқығы мен міндетін түсінетін азамат тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет. Заң үстемдік құрған қоғамда әділдік орнап, әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жол ашылады.
Еліміздің өркендеуі әр азаматтың заңға құрметпен қарап, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен басталады. Сондықтан Конституцияда белгіленген құндылықтарды сақтау, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алу – ортақ парызымыз. Ата Заңымыз ел бірлігінің, тұрақтылықтың және жарқын болашаққа деген сенімнің берік тірегі болып қала берсін!
Жанбота Серікқызы,
Аудандық оқушылар үйінің бейнелеу және еңбек пәнінің мұғалімі



