Конституция - еркіндіктің алтын қалқаны

 

Конституция — мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың өміріндегі маңызды құжат. Себебі онда адамның құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен заң алдындағы жауапкершілігі белгіленген.

Конституция әр адамның білім алуына, еңбек етуіне, өз ойын еркін білдіруіне және қауіпсіз өмір сүруіне негіз болады. Егер қоғамда Конституция талаптары сақталса, адамдар арасында әділдік пен теңдік орнайды.

Сондықтан Конституцияны құрметтеу — өз құқығымызды қорғаумен қатар, өзге адамдардың да құқықтарын сыйлау деген сөз. Меніңше, мықты мемлекеттің негізі — заңды құрметтейтін саналы азаматтар.

 

Ж.БИСЕНБІҚЫЗЫ,

белсенді студент

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT