Конституция құндылықтары – ел болашағының тірегі

 

Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Жаңартылған Конституцияның құрылымы заманауи әрі түсінікті тұжырымдармен толықтырылып, қоғамның бүгінгі сұранысы мен болашақ қажеттіліктерін ескеруге бағытталған деп ойлаймын.

Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы үшін білім, ғылым және инновацияға басымдық беру – аса маңызды. Себебі өркениетті қоғам құрудың негізі – білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ.

Сонымен қатар, Конституцияға құрмет – әр азаматтың жауапкершілігі. Конституция – мемлекетіміздің негізгі тірегі, әділеттілік пен тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан біз оның құндылықтарын сақтап, ел болашағы үшін бірге еңбек етуіміз қажет деп есептеймін.

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT