Конституция — ұлт бірлігінің ортақ үні

 

Конституцияның басты маңыздарының бірі — қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту. Қазақстанда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Барлық азаматтардың заң алдында тең болуы және олардың құқықтарының қорғалуы елдің тұрақтылығына ықпал етеді.

Конституция адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, әр азаматтың мемлекет өміріне қатысуына мүмкіндік береді. Дегенмен ел бірлігі тек заңмен ғана қалыптаспайды, ол адамдардың өзара сыйластығы мен түсіністігіне де байланысты.

Сондықтан әрқайсымыз Отанымыздың дамуына үлес қосып, заңды құрметтеп, қоғамдағы татулықты сақтауға ұмтылуымыз керек. Конституцияны қадірлеу — ел болашағына бейжай қарамаудың белгісі.

 

Д.МАРАТҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT