Конституция – тәуелсіздіктің тірегі және мемлекеттің басты заңы

 

Конституция – кез келген тәуелсізмемлекеттің құқықтық негізінқалыптастыратын, қоғамның дамубағытынайқындайтын және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғайтын еңмаңыздықұжат. Менің ойымша, Конституцияны текзаңдар жинағы деп қарастыру жеткіліксіз. Ол–халықтың ортақ құндылықтарын, мемлекеталдындағы мақсаттарын және болашақұрпаққа дегенжауапкершілігін білдіретіннегізгі құжат. Конституцияның мықты болуымемлекеттің тұрақтылығына,қоғамдықтәртіптің сақталуына және азаматтардыңболашаққа деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасында конституциялықдамудың жаңа кезеңі басталды. 2026 жылғы15наурызда республикалық референдумдақабылданған жаңа Конституция 2026жылғы 1 шілдеденбастап күшіне енді.Осыған байланысты 1995 жылғыКонституцияның күші жойылды. Жаңа АтаЗаңдаадам құқықтарын қорғау, заң ментәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету,мемлекеттік органдардыңжауапкершілігінарттыру және азаматтардың мемлекетбасқаруға қатысуын кеңейтумәселелерінеерекше мән берілген. 

Менің пікірімше, бұл өзгерістердің маңызыөте зор. Себебі мемлекет қаншалықтыдамыған болса да,егер оның қызметі заңғанегізделмесе және азаматтардың құқықтарытиісті деңгейде қорғалмаса,қоғамдаәділеттілік орнауы қиын. Конституциямемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілепқанақоймай, олардың халық алдындағыміндеттерін де айқындайды. Сондықтан әрбірмемлекеттікқызметкер өз шешімінде заңталаптарын басшылыққа алып, азаматтардыңмүддесін қорғауғаміндетті.

Сонымен қатар 2026 жылғы 11 маусымдақабылданған № 306-VIII заңға да назараударған жөн. Оныңтолық атауы –«Қазақстан Республикасының кейбірзаңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасыныңсайлау,прокуратура және әлеуметтік қамсыздандырутуралы заңнамасын жетілдірумәселелерібойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы». Бұл заң 2026 жылғы 1шілдеденбастап қолданысқа енгізілді. Оныңмақсатының бірі – заңнаманы жаңаКонституцияғасәйкестендіру.

Бұл мысал Конституцияның тек қағазжүзіндегі құжат емес екенін дәлелдейді.Негізгі заңдабелгіленген қағидалар басқазаңдар арқылы жүзеге асырылып,мемлекеттік басқарудың нақтытетіктерінеайналады. Егер Конституцияда әділдік пен заңүстемдігі қағидалары бекітілсе, өзгедезаңдар осы талаптарға сәйкес болуы керек.

Қорытындылай келе, мен Конституциянытәуелсіздіктің тірегі, мемлекеттіңтұрақтылығы мендамуының кепілі депсанаймын. Әрбір азамат Ата Заңды құрметтепқана қоймай, оның талаптарынкүнделіктіөмірде орындауы қажет. Өйткені заңдықұрметтейтін, өз құқығы мен міндетінбілетіназаматтар көп болған сайын, мемлекет тенығая түседі.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT