Конституция – еліміздің құқықтық негізі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Ұстаз ретінде Ата Заңда айқындалған білім алу құқығы, адам құқықтары мен бостандықтары, ұрпақ тәрбиесі секілді құндылықтардың маңызын ерекше атап өткім келеді. Себебі білімді, саналы әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағына қосылған үлкен үлес.
Мектеп қабырғасында оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруге мән береміз. Заңды құрметтейтін, өз құқығы мен міндетін білетін жас ұрпақ – мемлекетіміздің ертеңі.
Сондықтан Конституцияда бекітілген қағидаттарды сақтау, олардың мәнін жас ұрпаққа түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ата Заңымыз ел бірлігін нығайтып, еліміздің дамуына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына қызмет ете берсін!
Жасұлан Алипов,
Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің директоры



