Конституциялық комиссия – реформаны жүзеге асырудың маңызды тетігі

 

Конституциялық комиссияның негізгі мақсаты – Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссия құрамына 130 адам кірді, оның ішінде құқықтанушы ғалымдар, маслихат төрағалары, Ұлттық Құрылтай және аймақтық қоғамдық кеңестердің өкілдері, сарапшылар, ғылыми орта мен БАҚ басшылары бар. Менің ойымша, осындай кең және әртүрлі құрам реформаның барлық аспектілерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. 

Комиссияның жұмысы Қазақстанның әр аймағы мен әлеуметтік топтарының мүдделерін ескере отырып жүргізіледі. Барлық ұсыныстар мұқият талданып, қажетті түзетулер мен жаңалықтар енгізіледі.

Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Конституциялық соты аппараты. Бұл орган реформалық процесті заңдылыққа сәйкестендіріп, барлық рәсімдерді дұрыс орындауға жауап береді. Барлық отырыстар ашық өткізіледі, сонда танымал заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық белсенділер, депутаттар мен саясаттанушылар өз ойларын білдіре алады.

 

Еркебұлан УАЛИТХАН,

Исатай аудандық қоғамдық-саяси "Нарын таңы" газетінің тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT