«Таза Қазақстан» – әр адамның күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бұл бастама елді мекендердің тазалығын сақтаумен қатар, коммуналдық қызметтердің жұмысын жетілдіруге де серпін берді.
“Таза Қазақстан” – бұл тек экологиялық акция ғана емес, бұл – әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігінің көрінісі. Бүгінде бұл бастама қоғам тарапынан үлкен қолдау тауып, халық арасында кеңінен өріс алды. Адамдар сенбіліктерге қатысып, айналасын тазалап, ағаш отырғызып, туған жеріне жанашырлық танытуда.
Әлеуметтік желілерде пікір білдіріп, ұсыныстарын айтып, белсенділік көрсетуде. Таза орта – таза болашақтың кепілі. Сондықтан әрқайсымыз табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосайық.
Сұлушаш ҚАБДЕНОВА



