Менің ойымша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының басты мәні – тазалықты тек сыртқы көрініспен шектемей, оны адамның ішкі мәдениетімен байланыстыру. Таза қоршаған орта өздігінен қалыптаспайды. Ол үшін әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, табиғатқа зиян келтірмеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысуы керек.
Қоқысты сұрыптау, пластикті шамадан тыс пайдаланбау, су мен электр энергиясын үнемдеу, ағаштар мен жасыл желектерді қорғау сияқты күнделікті әрекеттердің өзі қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл бастама адамдардың бір-біріне деген құрметін де арттыра алады. Себебі қоғамдық орынды таза ұстау – сол жерде өмір сүретін басқа адамдарға деген құрметтің белгісі.
«Таза Қазақстан» арқылы әр азамат өз ауылының, қаласының және жалпы елдің дамуына нақты үлес қоса алады. Тазалықты ортақ міндет әрі тұрақты өмір салтына айналдыру – болашақ ұрпаққа жайлы және көркейген ел қалдырудың маңызды шарттарының бірі.
З.ЕРБОЛАТҚЫЗЫ



