Лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік — адамның жеке өміріне ғана емес, оның отбасына, қаржылық жағдайына және психологиялық ахуалына кері әсер ететін күрделі мәселе.
Құмар ойын бастапқыда оңай ақша табудың жолы сияқты көрінуі мүмкін, алайда уақыт өте келе адам ұтылған қаражатын қайтаруға тырысып, одан әрі тәуелді бола түседі. Оның салдарынан отбасы мүшелері арасында сенімсіздік пен жанжал туындауы ықтимал.
Сондықтан лудоманияның алдын алу үшін жастарға қаржылық сауаттылық пен жауапты өмір салтын насихаттау қажет. Нағыз жетістік — кездейсоқ ұтыста емес, адал еңбек пен тұрақты еңбекте.


