Лудомания: жеке мәселе емес, қоғамдық проблема

ашық дереккөзден

 

Қазіргі таңда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік әлемдік деңгейдегі маңызды әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл дерт адамның қаржылық жағдайына ғана емес, психологиялық денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдағы орнына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан лудоманиямен күрес тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы қажет.

Құмар ойындарға тәуелді адам көбіне жеңіл жолмен табыс табуды көздейді. Алайда уақыт өте келе ол үлкен қаржылық шығынға ұшырап, қарызға батады. Кей жағдайларда адамдар отбасы берекесін жоғалтып, психологиялық күйзеліске түседі. Лудоманияның ең қауіпті тұсы – адамның өз тәуелділігін дер кезінде мойындамауы және одан шығудың жолын таба алмауы.

Менің ойымша, бұл мәселенің алдын алу үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Құмар ойындардың зияны туралы нақты ақпарат беріліп, салауатты өмір салты насихатталуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан заңнамалық бақылауды күшейтіп, заңсыз ойын платформаларының қызметіне тосқауыл қою маңызды.

Қорытындысында, лудомания – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның әл-ауқатына әсер ететін күрделі мәселе. Сондықтан оған бейжай қарамай, алдын алу шараларын күшейту және тәуелді азаматтарға қолдау көрсету – уақыт талабы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT