Исатай аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, сондай-ақ барлық ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері мен мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Аталған жиын 2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында өткізілген республикалық «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды. Жиналыс барысында мал ұрлығының алдын алу, қылмыстың жолын кесу, төрт түлікті бақылаусыз жібермеу, жайылымдарда қадағалауды күшейту және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, мал тасымалдау қағидалары, малды уақтылы таңбалау, есепке алу және ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, профилактикалық іс-шараларды жандандыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігі атап өтілді.

С.ҚАЙЫР

