Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтқан сөзі – ел дамуы жолындағы маңызды бағыттарды айқындаған мазмұнды үндеу болды. Президент өз сөзінде жергілікті депутаттардың халықпен етене жұмыс істейтінін, елдің мұң-мұқтажын жақсы білетінін ерекше атап өтті. Бұл – мәслихат депутаттарына артылған сенім мен жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетеді.
Шын мәнінде, жергілікті өкілді органдар – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Сондықтан Мемлекет басшысының депутаттар көтерген ұсыныстар мен пікірлердің Парламент пен Үкімет жұмысында ескерілетінін айтуы – елдегі ашық диалог пен бірлескен жұмыстың айқын белгісі.
Осындай мазмұнды басқосулар өңірлердің дамуына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шешімдердің қабылдануына жол ашады.
Батима РАХМЕТОВА,
ардагер ұстаз,
Қамысқала ауылдық Әжелер кеңесінің төрайымы

