Нағыз тазалық адамның күнделікті әдетінен басталады

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — қоршаған ортаны тазалауға ғана бағытталған уақытша науқан емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама деп ойлаймын. Себебі тазалық мәселесін тек сенбілік өткізу немесе көшедегі қоқысты жинаумен шектеуге болмайды. Нағыз тазалық адамның күнделікті әдетінен, өзіне және айналасына деген жауапкершілігінен басталады.

Қазіргі таңда табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндетіне айналуы қажет. Бір адам қоқысты белгіленген жерге тастағанымен, екінші адам табиғат аясына бейберекет қоқыс қалдырса, жасалған жұмыстардың нәтижесі толық болмайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасының ең маңызды тұсы — адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту. Әсіресе жастар арасында экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу маңызды. Мектептен бастап табиғатты аялау, суды және электр энергиясын үнемдеу, ағаштарды қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым дағдыларды қалыптастыру керек.

Тазалық — адамның мәдениетінің көрінісі. Өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстаған адам туған жеріне деген құрметін ісімен көрсетеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» әрқайсымыздың күнделікті өмірімізге енетін тұрақты әдетке айналса, оның нәтижесі әлдеқайда маңызды болады. Таза қоршаған орта — дені сау ұрпақтың, жайлы қаланың және жауапты қоғамның негізі.

 

Ж.ҚЫЛЫШ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT