Нашақорлық – үмітті өшіретін қауіп

ашық дереккөзден

 

Нашақорлық – адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға үлкен зиян келтіретін қауіпті мәселе. Менің ойымша, есірткіге тәуелділік адамның өмірін ғана емес, оның болашағын да құрдымға жібереді. Сондықтан әрбір адам зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы керек.

Жастардың нашақорлыққа бой алдырмауы үшін оларға дұрыс тәрбие беріп, спортпен айналысуға, білім алуға және пайдалы істерге қызығушылықтарын арттыру маңызды. Сонымен қатар, ата-аналар мен ұстаздар балалармен ашық сөйлесіп, есірткінің зияны туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Қорытындылай келе, нашақорлықпен күресу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр адам өз денсаулығын бағалап, дұрыс өмір жолын таңдаса, қоғамымыз да қауіпсіз әрі жарқын болмақ.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT