Нашақорлық – бір адамның ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның болашағына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Әсіресе жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуы – елдің ертеңі үшін аса маңызды. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның өмірлік мақсатына, отбасымен қарым-қатынасына және қоғамдағы орнына кері әсер етеді.
Менің ойымша, нашақорлықпен күресте тек жазалау жеткіліксіз. Оның алдын алу, жастарға дұрыс бағыт көрсету, спортқа, білімге және шығармашылыққа баулу маңызды. Әр отбасы баласының ортасына, қызығушылығына көңіл бөліп, ашық сөйлесе білуі керек. «Таза Қазақстан» идеясын таза табиғатпен қатар, зиянды әдеттерден таза, салауатты қоғам ұғымымен де байланыстыруға болады. Себебі елдің болашағы – дені сау, саналы және жауапты жастардың қолында.
Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ


