Олжас Бектеновке артылған сенім – үлкен жауапкершілік

 

Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттардың басым бөлігі Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына тағайындауға келісім беруі – Үкімет басшысына көрсетілген үлкен сенімнің белгісі деп ойлаймын. 144 депутаттың 137-сінің қолдауы жаңа Премьер-министрдің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығын да көрсетеді.

Қазіргі таңда Үкімет алдында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу сияқты маңызды міндеттер тұр. Бұл бағыттардың барлығы нақты әрі жүйелі жұмысты талап етеді.

Олжас Бектеновтің мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесі осы міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Ең бастысы – қабылданған шешімдер қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты нәтижеге айналуы қажет. Халық Үкімет жұмысын ең алдымен күнделікті өмірдегі өзгерістер арқылы бағалайды.

Құрылтайдың білдірген сенімі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жаңа Премьер-министрге ел игілігі жолындағы қызметінде сәттілік тілейміз. Алдағы жұмысы нәтижелі болып, Мемлекет басшысы қойған міндеттер сапалы орындалып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істер атқарылсын!

 

Самат ЕСЕНОВ,

Исатай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT