Отбасы – қоғамның негізін қалайтын ең маңызды құндылық. Сондықтан әрбір шаңырақта өзара сыйластық, түсіністік және мейірімділік салтанат құруы қажет.
Өкінішке қарай, тұрмыстық жанжалдар көптеген отбасының берекесін кетіріп, балалардың тәрбиесіне және қоғамның тұрақтылығына кері әсер етеді. Кез келген мәселені күш қолдану арқылы емес, сабырлы әңгіме мен өзара құрмет арқылы шешу – өркениетті қоғамның белгісі.
Әрбір азамат отбасы құндылықтарын сақтауға жауапкершілікпен қарап, татулық пен бірлікті нығайтуға үлес қосуы тиіс. Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің сенімді негізі.
Б.АХМЕТОВА


