Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты назарда

 

Тұрмыс жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Исатай ауданы Аққыстау ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Таскалиев қорғау нұсқамасы есебінде тұрған азаматтың тұрғылықты мекенжайына барып, профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында азаматпен түсіндіру әңгімелері өткізіліп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және отбасындағы сыйластық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ескертулер берілді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізер кері әсерін түсіндіріп, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Қорғау нұсқамасында тұрған азаматтарға бақылау күшейтіліп, олардың мінез-құлқы мен заң талаптарын орындауы үнемі назарда болады.

Отбасындағы тыныштық пен қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының маңызды кепілі. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Егер сіз немесе жақындарыңыз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болса, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмек сұрау – өз қауіпсіздігіңізді қорғаудың маңызды қадамы.

Сіздер үшін арнайы сенім телефондары тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасайды. Кез келген ұялы немесе қалалық нөмірден тегін хабарласуға болады:
📞 «102» арнасы
📞 «111» сенім телефоны

#ЗАҢменТӘРТІП

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT