Отбасымызды қолдайық

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында

🔹Исатай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен Отбасын қолдау орталығының мамандары бекітілген аумақта бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізіп, тұрғын үйлерді аралады.

🔹Іс-шара барысында азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға көрсетілетін қолдау түрлері жөнінде ақпарат берілді.

🔹Әрбір отбасының қауіпсіздігі мен амандығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!

🔹Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамның тұрақтылығы мен отбасы тыныштығының кепілі!

📞 Сенім телефондары: 102 – Полиция бөлімі
 111 – Ұлттық сенім телефоны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT