Тағы бір аққыстаулық тұрғын «С.Э.» есімді азамат осы жылы ақпан айында «Instagram» әлеуметтік желісін шолу барысында «Teh Optimo» атауымен ашылған жалған парақшадағы Sony PlayStation 5 ойын құрылғысының сатылымы туралы жарнамаға кезігеді. Тауардың бағасы мен ұсынысына қызыққан азамат сатушымен «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шығады. Өзін «Александр» деп таныстырған белгісіз азамат ойын құрылғысын жеткізіп беруге уәде етіп, төлемді жеке кәсіпкердің (ЖК) есепшотына аударуды талап етеді. Сатушының сөзіне сенген жәбірленуші көрсетілген есепшотқа 221 200 теңге көлемінде қаражат аударады. Алайда ақша жіберілгеннен кейін уәде етілген тауар жеткізілмей, сатушымен байланыс біржола үзіліп, азамат интернет-алаяқтардың арбауына түскенін кеш түсінеді. Бұл оқиға әлеуметтік желілердегі жалған дүкендер мен алаяқтық жарнамалардың әлі де көп екенін көрсетеді. Өкінішке қарай жәбірленуші сатып алмақ болған тауардың шын мәнінде бар-жоғын тексермей, сатушының сенімділігіне көз жеткізбестен алдын ала толық төлем жасаған.
Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сақтықпен қарап, тек ресми әрі сенімді интернет-дүкендердің қызметіне жүгінген дұрыс.
Playstation сатып аламын деп алаяққа алданды
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Көзқарас
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 44


