“Полициямен бір күн”

Исатай ауданында «Полициямен бір күн» акциясы өтті

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және қоғаммен өзара сенімді нығайту, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Исатай аудандық полиция бөлімінде «Полициямен бір күн» акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ауданның «Белсенді азамат» қоғамдық өкілі Жанар Мұсаева қатысты.

Акция барысында Жанар Мұсаева учаскелік полиция инспекторы мен патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметімен танысты. Оған қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына жедел ден қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстарды жүргізу бағытындағы қызметтері көрсетілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің тұрғындармен өзара іс-қимылы, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыстары және құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Іс-шара барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғаммен ашық байланыс орнатудың маңыздылығы айтылды.

Акция аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға құрмет пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне әрбір азаматтың үлес қосуының маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара қорытындысында Жанар Мұсаева полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегімен танысып, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметіне оң бағасын берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықпен кері байланысты нығайту және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыру жөнінде пікір алмасты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT