Әр адамның қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар

ашық дереккөзден

 

Менің пікірімше, тұрмыстық зорлық-зомбылық – адам құқығын бұзатын және қоғамға үлкен зиян келтіретін күрделі мәселе. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі – физикалық, психологиялық немесе экономикалық қысым – адам өміріне кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар отбасындағы тыныштықты бұзып, балалардың тәрбиесіне де теріс ықпал етеді.

Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарауға болмайды. Қоғамда өзара құрмет, түсіністік және жауапкершілік жоғары болуы қажет. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы, ал зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға қолдау көрсетіліп, олардың құқықтары қорғалуы тиіс.

Қорытындылай келе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Зорлық-зомбылықсыз орта ғана бақытты әрі берік отбасының негізін қалайды.

 

Камилла КАКИМҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT