Әр азаматтан басталатын жауапкершілік

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізгі тірегі. Заң барлық азаматқа бірдей талап қойып, әр адамның құқығы мен міндетін айқындайды. Егер қоғамда заң талаптары сақталса, адамдар өз құқықтарының қорғалатынына сеніммен қарайды. Ал тәртіп адамның тек заңнан қорыққандықтан емес, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінгендіктен қалыптасуы керек. 

Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау ең алдымен отбасынан, мектептен және күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіпті бұзбау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау сияқты қарапайым әдеттер үлкен қоғамдық мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар заң алдында барлық адамның тең болуы өте маңызды. Қоғамда әділдік пен жауапкершілік қатар жүрген кезде ғана тұрақты әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

 

Ж.ТҰРЛАНҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT