Әрбір азамат өзінің тұрған жеріне жауапкершілікпен қарағанда ғана тұрақты нәтиже қалыптасады

сурет: ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – қоршаған ортаны қорғау ғана емес, қоғамның мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалық әр адамның күнделікті әдетінен басталады. Өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты ластамау – қарапайым болғанымен, үлкен нәтижеге жеткізетін әрекеттер. Бұл бастама адамдарды туған жеріне жанашырлықпен қарауға, қоғамдық орындарды күтіп ұстауға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелейді. Әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Себебі бүгінгі жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасы ертеңгі қоғамның өмір салтына әсер етеді елді мекендердің көркеюіне және халықтың өмір сүру ортасының жақсаруына ықпал ететін жалпыұлттық бастама.

Таза әрі абаттандырылған қала немесе ауыл тұрғындардың көңіл-күйіне де, қоғамдық ортаға деген көзқарасына да әсер етеді. Көшелерді тазалау, аулаларды абаттандыру, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс орындарын жою сияқты жұмыстардың барлығы елдің көркіне өз үлесін қосады. Дегенмен тазалық жұмыстарын тек мемлекеттік мекемелердің немесе коммуналдық қызметтердің міндеті деп қарастыру дұрыс емес. Әрбір азамат өзінің тұрған жеріне жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана тұрақты нәтиже қалыптасады. Бір адамның тазалыққа деген жауапкершілігі екінші адамға үлгі болып, осылайша қоғамдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті күшейтетін маңызды қоғамдық бастама деп ой тазалықты тек сыртқы көрініспен шектемей, оны адамның ішкі мәдениетімен байланыстыру.

Таза қоршаған орта өздігінен қалыптаспайды. Ол үшін әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, табиғатқа зиян келтірмеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысуы керек. Қоқысты сұрыптау, пластикті шамадан тыс пайдаланбау, су мен электр энергиясын үнемдеу, ағаштар мен жасыл желектерді қорғау сияқты күнделікті әрекеттердің өзі қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл бастама адамдардың бір-біріне деген құрметін де арттыра алады. Себебі қоғамдық орынды таза ұстау – сол жерде өмір сүретін басқа адамдарға деген құрметтің белгісі. «Таза Қазақстан» арқылы әр азамат өз ауылының, қаласының және жалпы елдің дамуына нақты үлес қоса алады. Тазалықты ортақ міндет әрі тұрақты өмір салтына айналдыру – болашақ ұрпаққа жайлы және көркейген. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын бір реттік сенбілік ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.

 

М.ЖАРБОСЫНОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT