Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы

ашық дереккөзден

 

Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның мүмкіндіктерімен қатар интернет алаяқтық сияқты қауіптер де көбейіп келеді. Алаяқтар адамдарды жалған қоңыраулар, хабарламалар, сілтемелер немесе тиімді ұсыныстар арқылы алдап, жеке мәліметтері мен қаржысын иемденуге тырысады. 

Сондықтан кез келген ақпаратқа бірден сенбей, оның шынайылығын тексеру өте маңызды. Банк картасының құпия кодтарын, парольдерді және SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеу керек. Менің ойымша, интернеттегі қауіпсіздік ең алдымен адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталады. Қырағы болып, күмәнді әрекеттерден сақтансақ, интернет алаяқтарының құрбаны болу қаупін айтарлықтай азайта аламыз.

 

Н.ЕРБОЛҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT