Суды қорғау – Қазақстанның болашағын қорғау

сурет ғаламтордан

 

«Таза Қазақстан» туралы сөз болғанда көбіне көшелер мен аулалардың тазалығы ойға келеді. Алайда табиғи тазалықтың маңызды бөлігі – су ресурстарын қорғау.

Қазақстан үшін өзен-көлдердің тазалығы мен суды үнемді пайдалану стратегиялық мәселе деп есептеймін. Әрбір адам краннан суды босқа ағызбаудан бастап, өзен жағасына қоқыс тастамауға дейін нақты үлес қоса алады. Әсіресе жастар арасында судың қадірін түсіндіретін экологиялық жобаларды көбейту қажет.

Егер бүгін біз суды шексіз ресурс ретінде қабылдамай, оны ұқыпты пайдалануды үйренсек, ертеңгі ұрпаққа қауіпсіз әрі таза табиғи орта қалдырамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тек жерді тазарту емес, елдің табиғи байлығын болашаққа аман жеткізу жауапкершілігі.

 

М.МҰХАНБЕТЖАНОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT