Суды сақтау – болашақ алдындағы жауапкершілік

ашық дереккөзден

 

Қазақстан үшін су ресурстарын қорғау – ерекше маңызды мәселе. Су адам өміріне, ауыл шаруашылығына және табиғи тепе-теңдікке тікелей әсер етеді. 

Алайда күнделікті өмірде суды орынсыз пайдалану, өзен-көлдерді ластау сияқты әрекеттер әлі де кездеседі. Менің пікірімше, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында суды қорғауға ерекше көңіл бөлінуі керек. Ол үшін су жағалауларын тазарту шараларын ұйымдастырып қана қоймай, суды үнемдеу мәдениетін де дамыту қажет. 

Мектептерде экологиялық сабақтар өткізу, балаларға судың қадірін түсіндіру және тұрғындарға пайдалы әдеттерді үйрету маңызды. Әр адам суды үнемдеп, су көздерінің тазалығын сақтауға атсалысса, табиғи байлығымызды келер ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туады. Өйткені суды қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да міндеті.

 

В.ДАНИЯЛҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT