Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

ашық дереккөзден

 

Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әр адамның тәртібіне байланысты. Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау отбасынан, мектептен және күнделікті қарым-қатынастан басталады. 

Әсіресе, жастардың бойында жауапкершілік, адалдық және заңға құрмет қасиеттерін қалыптастыру маңызды. Көшеде, қоғамдық орындарда және оқу орындарында тәртіп сақтау – азаматтық мәдениеттің белгісі. Әрбір адам өз міндетін адал орындаса, елімізде әділдік пен тұрақтылық орнайды.

 

Ш.БАТЫРБЕКҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT