«Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам дамуының басты шарттарының бірі деп есептеймін. Себебі тәртіп бар жерде қауіпсіздік, сыйластық және өзара сенім болады.
Әсіресе, жастардың бойына заңға құрметпен қарау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және өз әрекетіне жауап беру қасиеттерін қалыптастыру маңызды. Әрбір азамат өзінен бастап тәртіп сақтаса, қоғамда құқық бұзушылық азайып, адамдардың өмір сүру сапасы артады.
Б.АСҚАРҰЛЫ



