Заң мен тәртіп ұғымын тек мемлекеттік талап ретінде қабылдамауымыз керек. Ол әр адамның күнделікті өмірінен басталады деп ойлаймын. Мысалы, қоғамдық орында тәртіп сақтау, жол ережесін бұзбау, өзгенің еңбегін құрметтеу – заңға деген жауапкершіліктің көрінісі.
Осындай қарапайым әрекеттер қоғамдағы мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Егер әрбір азамат өзінен бастап тәртіп орнатса, елімізде құқық бұзушылық азайып, адамдар арасындағы сенім арта түседі. Тәртіп бар жерде даму мен өркендеуге жол ашылады.
Айбол ЖАНЕСЕНҰЛЫ



