Табиғатты аялау – елдікті бағалау

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» бастамасы маған әрбір азаматтың ел дамуына өз үлесін қоса алатынын көрсетеді. Кейде үлкен өзгеріс жасау үшін ауқымды жобалар қажет деп ойлаймыз. Алайда туған ауылыңның көшесін тазалау, бір тал ағаш отырғызу немесе өзгелерді тазалыққа шақыру да – елге қызмет етудің бір түрі. 

Нағыз патриотизм тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелденеді. Табиғатын құрметтеген халық қана болашағына сеніммен қарай алады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – таза қоршаған орта ғана емес, саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды ұлттық құндылық.

 

Д.ҚУАНТАЙҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT