Табиғатты қорғау – болашаққа қалдырған аманат

ашық дереккөзден

 

Қазіргі кезде табиғатты қорғау тек экологтардың немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті болмауы тиіс. Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, жасыл желекті көбейту, су мен жерді ластамау – әр азаматтың саналы таңдауы. «Таза Қазақстан» осы жауапкершілікті қоғамның барлық мүшесіне сезіндіруге мүмкіндік беріп отыр.

Мен үшін бұл бастаманың ерекшелігі – бүгінгі тазалықтың ертеңгі ұрпаққа әсерін түсіндіруінде. Біз отырғызған бір тал, сақтап қалған бір бұлақ немесе табиғатқа тастамаған бір қоқыс – болашаққа жасалған нақты жақсылық. Табиғатты біз ата-бабамыздан мұраға алған жоқпыз, оны келешек ұрпақтан уақытша алғандай қарауымыз керек. Сондықтан экологиялық мәдениет отбасынан және мектептен бастап қалыптасқаны дұрыс. Табиғатты қорғау – елдің болашағын қорғау деп ойлаймын.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT