«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңыздылығы – адамдарды ортақ іске біріктіруінде деп ойлаймын. Ауланы тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты арнайы орындарға тастау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі елдің көркеюіне үлес қосады.
Әсіресе жастардың осындай жұмыстарға белсенді қатысуы олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырады. Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің белгісі, сондықтан бұл бастама әр азаматтың жеке жауапкершілігін қалыптастыруы қажет.
Ж.СЕМБИЕВА



