Табиғат – адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Сондықтан оны қорғау және келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – баршамыздың міндетіміз.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы адамдарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады. Менің пікірімше, табиғатты қорғау тек сенбілікке қатысумен шектелмеуі керек.
Күнделікті өмірде қоқысты арнайы орынға тастау, суды үнемдеу, ағаштар мен өсімдіктерді күту де маңызды. Осындай пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы біз табиғаттың байлығын сақтап, болашақ ұрпаққа жарқын келешек сыйлай аламыз.
Е.СЕРІКБАЙҰЛЫ



