Таза аула – жарқын болашақтың бастауы

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын болашақ ұрпаққа жасалған үлкен инвестиция деп санаймын. Өйткені бүгінгі таңда табиғатты қорғау – ертеңгі күннің қауіпсіздігі мен саулығын қамтамасыз ету. Қоқысты сұрыптау, ағаш отырғызу, су көздерін ластамау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгерістерге жол ашады. 

Әсіресе жастардың бұл бастамаға белсенді қатысуы қуантады. Себебі экологиялық санасы жоғары ұрпақ қана таза әрі көркейген Қазақстанды қалыптастыра алады. Тазалықты бір реттік науқан емес, өмір салтына айналдыруымыз қажет.

 

А.ҚАЙЫРҚОЖАҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT