Таза ауладан — таза қоғамға

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» ұғымын тек көшелердің немесе аулалардың тазалығымен өлшеу дұрыс емес деп ойлаймын. Тазалық адамның ойынан, мәдениетінен және қоғам алдындағы жауапкершілігінен басталады. 

Өз ауласын таза ұстайтын, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарайтын, табиғатты қорғайтын адам айналасына да үлгі болады. Осындай кішкентай әрекеттер біртіндеп үлкен қоғамдық өзгеріске айналады.

Сондықтан «Таза Қазақстан» — әр азаматты ортақ іске жұмылдыратын маңызды құндылық. Егер әрқайсымыз «елді кім тазалайды?» деп емес, «елімнің тазалығына мен не қоса аламын?» деп ойласақ, Қазақстанымыз одан әрі көркейе түседі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT