Қоғамдағы үлкен өзгерістер кейде кішкентай әрекеттен басталады. Үйдің ауласын таза ұстау, қоқысты арнайы орынға тастау, қажетсіз заттарды бейберекет шашпау – қарапайым тәртіп сияқты көрінгенімен, адамның мәдениеті мен жауапкершілігін танытады.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңызын мен дәл осы тұрғыдан бағалаймын. Тазалыққа деген көзқарас адамның қоршаған ортаға ғана емес, жалпы қоғамға деген қарым-қатынасын көрсетеді. Егер әр азамат «бұл – менің де ортам» деген түсінікпен әрекет етсе, тазалыққа деген жауапкершілік те арта түседі.
Таза көше, таза аула, таза табиғат – барлығымызға ортақ құндылық. Сондықтан тазалықты бір күндік сенбілікпен шектемей, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Таза Қазақстан – ең алдымен таза санадан басталады.
Ж.ЖАНБЫРБАЕВ


