Таза ауладан — жарқын болашаққа

ашық дереккөзден

 

Мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қоғамды ортақ мақсатқа біріктіретін игі бастама деп санаймын. Себебі тазалық — бір адамның емес, бүкіл халықтың жауапкершілігі. 

Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы біз өз мәдениетімізді, тәрбиемізді және азаматтық ұстанымымызды көрсетеміз. Әсіресе, жастардың сенбіліктерге қатысып, ағаш отырғызып, табиғатты қорғауға үлес қосуы өте маңызды.

Дегенмен тазалықты тек арнайы акциялар кезінде ғана сақтау жеткіліксіз. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Бүгінгі таза аула — ертеңгі көркейген Қазақстанның бастауы.

 

Нұржол БАҚТЕН

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT