Ауылдың тазалығы мен көркеюі – оның тұрғындарының ұйымшылдығы мен мәдениетінің көрсеткіші. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар ауылдық елді мекендердің ажарын ашып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Таза ауыл – денсаулықтың, жайлылықтың және қоғамдық тәртіптің кепілі. Көшелердің таза болуы, жасыл желектердің көбеюі, қоғамдық орындардың күтіп ұсталуы ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырады. Сонымен қатар мұндай жұмыстар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.
Соңғы жылдары ауылдарда сенбіліктер өткізу, ағаш көшеттерін отырғызу, саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары кеңінен қолға алынуда. Бұл бастамалар тұрғындардың ортақ іске жұмылып, туған өлкесінің көркеюіне үлес қосуына мүмкіндік береді.
Таза ауыл қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық тұрғындардың ортақ міндеті. Әрбір азамат өз ауласының, көшесінің және ауылының тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны күтіп ұстауға атсалысса, ауылдарымыз одан әрі көркейіп, өмір сүруге қолайлы мекенге айналары сөзсіз.



